Денсаулық 15 Сәуір, 2025

Алматы онкологтары үлкендігі грейпфруттай ісікті алып тастады

0 рет
көрсетілді

Грейпфрут – көлемі баланың басынан да үлкен, ең ірі жемістің бірі екені белгілі. Егер адам ағзасында осындай ісік болса, оны алып тастайтын ота қандай күрделі болатындығын елестете беріңіз. Таяу күндері Алматы Онкологиялық орталығының хирургтары үлкендігі грейпфруттай қалқанша безі ісігін алып, жоғары технологиялық ота сәтімен атқарды, деп жазады Egemen.kz.

Ісік негізгі тамырлар мен өңешті қысып, көмейді ығыстыра келе, төс сүйегінің артына жайылып, науқаста ентігу мен тұншығу пайда болған.Осы кеселдің салдарынан науқастың өңеші айтарлықтай ығысып, қысылып, тыныс алуы қиындағаннан кейін дәрігерлерге жүгінген. Мамандар қалқанша безі ісігінің көлемі 10 сантиметрге жетіп, мойын бұлшықетіне қарай өсіп, лимфатүйінінде метастаздық зақымданулар пайда болғанын анықтаған.«Ота ашық тәсілмен жүргізілді. Ісікке байланысты қатты ығысқан қайтарымды көмей жүйкелерін бөліп алып, дауыс функциясын сақтап қалуға мүмкіндік туды. Қалқанша безі толығымен алынып тасталып, мойын лимфадиссекциясы жүргізілді», – дейді Алматы онкология орталығының хирургы Шыңғыс Сатымбаев. Жоғары дәлдікті талап ететін операция көмей жүйкелері мен айналасындағы құрылымдар ісікпен тығыз байланыста болған. Қарапайым тілмен айтқанда, дәрігерлер ісікті алып тастап қана қоймай, дауысқа жауап беретін жүйкелерді де зақымдамай сақтап қалған. Бұл – дауыстың жоғалмауы үшін өте маңызды.Екі сағатқа созылған ота күрделі болса да, дәрігерлер оны сәтті аяқтады.Отадан кейін науқастың жағдайы жақсы, жарасы жазылып, ешқандай қиындықсыз отбасына оралды.Орайы келіп тұрғанда, мамандар мұндай қатерлі ісіктерді асқындырмай анықтаса, оны емдеу әлдеқайда жеңіл болатындығын тағы да еске салады.Сондықтан, денеңізде бір өзгеріс байқалса немесе күмәнді белгі пайда болса, дәрігерге көрінуді кешіктірмеңіз. Уақтылы тексерілу – ажалдан да арашалуы мүмкін.