• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2015

Денсаулық сақтау саласы сыналды

341 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті. Онда елордалық денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес деңгейін анықтау мен жемқорлық көріністеріне жол беретін себептер мен жағдайларды ескерту және жою мәселелері қаралды. Кеңес отырысына оның төраға­сы, Парламент Мәжілісінің депу­таты Рамазан Сәрпеков, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық бөлімшесі төрағасының орынба­сары Мейрамбай Оралов, ден­сау­лық сақтау саласындағы уәкі­лет­ті мемлекеттік атқарушы орган­дардың басшылары, Астана қаласы мәслихатының депутаттары және т.б. қатысты. Отырыста сөз алған Р.Сәрпеков: «Мемлекет басшысының тапсырмаларына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күресті одан әрі күшейтіп, азамат­тарымыздың құқын нығайта түсу­і­міз қажет» деп атап көрсетті. Ал өз кезегінде сөз алған Ас­та­на қаласы денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы Айгүл Сегіз­баева бақылау және қадағалау органдарының, оның ішінде Есеп комитеті, прокуратура органдары, Қаржы бақылау инспекциясы және т.б. тиісті мекемелердің жүргізген тексерістерін алға тартты. Мәселен, өткен жылы басқармада 6 тексеріс орын алған, оған 167 күн кеткен. Сөйтіп, А.Сегізбаеваның айтуына қарағанда, жалпы медициналық ұйымдарда 97 тексеріс орын алса, оған барлығы 1080 күн жұмсалған, демек жылына бір медициналық ұйымға 3-4 тексерістен келеді екен. Десек те, осы тексерістердің арқасында біраз сырдың беті ашылған секілді. Мәселен, автокөлік құралдарына арналған шығын лимиті асыра көр­сетілген, несие берешегі болса да сыйақы тағайындау мен не­гіз­­сіз қосымша ақы төлеу, сый­ақы­ларды жоспарлау, жоғары нор­мативті дәрежелерді ұстау, кас­салық тәртіпті бұзумен қатар, дәрі­ханалардағы дәрі-дәрмектердің жеткіліксіздігі және негізгі қара­жат­тарды есептен шығару мен қаржылық есепті бұрмалау кең өріс алған екен. Осы аталған кемшіліктерге бай­ланысты дер уақытында тиісті ша­ралар қабылданып, кінәлі адамдар, яғни басқарманың қос бөлім жетекшісі жауапқа тартылды. Оларға қатаң сөгіс жарияланды.­ Медициналық ұйымдардағы 40 ма­манның 32-сі сөгіс алса, 8-іне ескерту берілді. Бірінші басшылардың, олардың орынбасарлары мен бас есепшілердің жалақылары толықтай қайта қаралды. Еңбекақыны тағайындаудың оңтайландырылған үрдісі іске қосылды. Шұғыл қабыл­дау бөлімдерінің штаты көбейіп, он­да­ғы дәрігерлердің айлығы ұл­ғай­тылды, деп түсінік берді соңында А. Сегізбаева. Сонымен қатар, ол неліктен науқас жандар жедел жәрдемді екі сағат бойы күтеді деген сұраққа да жауап қайтарды. Оның айтуынша, барлық шақыртулар 15 минөт ішінде қамтамасыз етілмейтін көрінеді. Өйткені, әр шақыртудың жөні бөлек, сондықтан, әрқайсысы әртүрлі, яғни өтініш пен науқастың ауырлығына сай дәрежеленеді. Осы­ған байланысты қазіргі күні жедел жәрдем жүгін азайту мақсатында кеңестер беретін нүктелер саны арттырылыпты. Ал мұның науқастар үшін қандай тиімді көмегі болары әзірге белгісіз. Бірақ дәрігерлер ауырып жатқан науқастардың көңілін қызыл сөзбен де жұбата білсе, кім біледі, шипа боларына сенімді секілді. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».