Ұлттық спорт 17 Маусым, 2025

Шығыстың мергені бірінші орынды еншіледі

60 рет
көрсетілді

Орал қаласында өткен дәстүрлі садақ атудан республикалық чемпионатқа Шығыс Қазақстан облысының құрама командасынан 10 спортшы қатысып, әйелдер арасынан жерлесіміз Ажар Төлеуханова бірінші орынды еншіледі. Жарыста жалпы саны 260 спортшы бақтарын сынаған, деп жазады Egemen.kz.

Барлық спортшы жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Бағы мен бабы қатар шапқан Ажар Төлеуханова Орта Азия нысанасы бойынша әйелдер арасында 1-ші орын иеленді. Өзіңің ұлттық құрамадағы орнын бекіткен ол алдағы уақытта көптеген белестерді бағындыруға дайын екендігін айтады.

– Мұндай жарысқа әркім үлкен дайындықпен келеді. Сондықтан, жеңіске жету оңайға соқпады. Барынша тырысты, тұғырдан көріндік. Қолдау көрсеткен баршаңызға мың алғыс, – дейді Шығыстың мерген қызы. 

Өскемен