• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2015

Маңғыстау облыстық сотына төраға тағайындалды

569 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 наурыз. Маңғыстау облыстық сотының төрағасы болып Жақсылық Рзабекұлы Аланов тағайындалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа басшыны Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Еліс Нұрқасымұлы Әбдіқадыров таныстырды. Шараға Маңғыстау облысының сот корпусы, облыс әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев, облыстық мәслихат хатшысы Бекмұрат Жүсіпов, өңірдегі құқық қорғау және басқа да салалардың басшылары мен өкілдері қатысты. Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Еліс Нұрқасымұлы жиналғандарды жаңа төрағаның өмірбаянымен таныстырды. Ж.Аланов әр жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстық соттарында судья, алқа төрағасы, сот төрағасы қызметтерін атқарған, сондай-ақ Жоғарғы Соттың судьясы болған. Осы тағайындауға дейін Астана қалалық сотында судья қызметін атқарды, бүгінге дейінгі сот жүйесіндегі еңбек өтілі 20 жылға жуықтайды. Бұған дейін облыстық соттың төрағасы қызметін атқарып келген Досжан Сарманқұлұлы Әміров Шығыс Қазақстан облыстық сотына төраға болып тағайындалды. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары С.Алдашев оған аймақ басшысының алғыс хатын тапсырды. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.