АСТАНА. 19 наурыз. Бүгін еліміздің кей өңірлерінде жел күшейіп, жауын-шашын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке сүйенсек, еліміздің кейбір жерлерінде бұрқасын болуы мүмкін. Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін соғады. Сондай-ақ, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданының кей жерлерін түнде тұман басады. Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Ал Қостанай облысында кей жерлерде таңертең және күндіз желдің күші 18 м/с болады деп күтілуде. «Шығыс Қазақстан облысында ауа райы бұрқасындатып, жел күшеюі мүмкін. Сондай-ақ, Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал», дейді «Қазгидромет» мамандары.
Еламан Қоңыр.
Дерек: «Қазгидромет» РМК.
Сурет: galleryhip.com.