• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2015

Арада 400 жыл өткенде Мигель де Сервантестің сүйегі табылды

325 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 наурыз. Испания археологтары әлемге әйгілі «Дон Кихот» шығармасының авторы Мигель де Сервантестің сүйегін тапты. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады. Аты жаһанға мәшһүр жазушының қай жерде жерленгенін 400 жыл бойы ешкім білмей келген-ді. Алайда, Испания археологтары Мадридтегі монастырлердің бірін зерттеу кезінде «М» және «С» әріптері ойылып жазылған қабірді тауып алған. Сөйтіп, археологтар дереу мәйіттің кімдікі екенін анықтауға кіріскен. Ғалымдардың айтуынша, қабірдің ішіндегі заттар 16-17 ғасырларда өмір сүрген жазушыға тиесілі болып шыққан көрінеді. Жолдыбай Базар. Дерек: «Хабар» телеарнасы. Сурет: krugosvet.ru.