• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2015

Петропавлда газ арзандады

230 рет
көрсетілді

Петропавл. 19 наурыз. Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №156 бұйрығымен ішкі нарықта сұйытылған газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасын белгіледі. Бұл туралы ведомствоның  баспасөз қызметі хабарлады. Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті реттелетін нарық субъектілері (газбен жабдықтау ұйымдарының) босататын бағаға сараптама жүргізді. Оның  нәтижесі бойынша “Горгаз-Сервис” ЖШС-нің сыйымдылықтағы сұйытылған газды бөлшек саудада өткізу қызметінің бағасы 15 пайызға төмендетілді және бөлшек саудадағы сұйытылған газды баллонмен және автомобильдерге құю үшін өткізу қызметінің бағасы орта есеппен 23 пайызға арзандатылды. Өмір Есқали. Дерек: Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау дераптаменттің баспасөз қызеті. Сурет: egemen.kz