• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2015

Көкшетауда «Нұрлы жол» бағдарламасымен 337 пәтер кілті тапсырылды

273 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 19 наурыз. Шапағаты мол Наурыз мерекесі қарсаңында Ақмола облысының әкімі С.Кулагин мен «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ басқарушы директоры А.Ақчуриннің қатысуымен әлеуметтік тұрғын үйді жалға беру бағдарламасы аясында салынған «Жансая» тұрғын үй кешенінде жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру салтанаты өткізілді. Өңір басшысы Сергей Кулагин, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ департамент басшысы Қанат Ыбыраев қуаныш иелерін құттықтау сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында әлеуметтік тұрғын үйлерді жалға беру құрылысына көзқарасты өзгерту, оның қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, тұрғындарға сатып алу құқығын бере отырып, ұзақ мерзімді төменгі пайыздық жүйені енгізуді тапсырғанын атап көрсетті. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының шарапаты ретінде бүгін әсем тұрғын үй кешенінде 19,5 мың шаршы метрлік 337 пәтердің кілті тапсырылады. Мұның өзі игі бастаманың жалғасын таба беретінін дәлелдейді. Көкшетау тарихында бір мезетте 337 отбасының қоныс қуанышы болып көрмеген. Біз №264 пәтердің кілтін иеленген Кәкімбековтердің отауына құтты болсын айттық. Әлібек пен Жансая екі бала өсіріп отырған жас отбасы. «Біз осы күнге дейін 8 жыл бойы пәтер жалдап тұрдық. Өзім медицина қызметкерімін. Күйеуім мемлекеттік кіріс департаментінде жұмыс істейді. Мемлекетіміздің қоғам мүшелеріне жасап жатқан қамқорлығына ризамыз. Балаларымның да қуанышында шек жоқ. Менің есіміммен аттас «Жансая» тұрғын үй кешенін салуға үлес қосқан барша азаматтарға алғысымыз шексіз. Соңғы жылдары Көкшетауда тұрғын үйлер көптеп салынып жатыр. Біз сияқты кезекте тұрған жерлестерім де көп ұзамай қоныс тойларын жасайтындығына сенемін», дейді Жансая. Бақберген Амалбек. Дерек: egemen.kz Сурет: egemen.kz