• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2015

Қасым-Жомарт Тоқаев Сенатта мәлімдеме жасады

226 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 наурыз. Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның жалпы отырысында мәлімдеме жасады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөзінде 11 наурыз күні «Нұр Отан» партиясы съезінде бірауыздан ұсынылған қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы сайлаудағы президенттікке алғашқы кандидат ретінде тіркелгенін еске салды. «Елбасы партия съезінде қазіргі күрделі әлемдік жағдайда Қазақстан экономикасының өсімін арттыруды қарастыратын бес институционалдық реформа ұсынды. Олар - қазіргі заманғы және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заңның үстемдігі мен әділ сотты қамтамасыз ету, бірыңғай келешекті, ашық әрі есепті мемлекетті тұрғызуға бағытталған индустрияландыру мен экономиканы әртараптандыру жөніндегі кешенді шаралар», - деді ол. Сенат спикері депутаттарды Назарбаев идеяларын іске асыруға барлық күшті жұмсауға шақырды. «Мемлекет басшысының қоғамның ішкі саяси келісіміндегі ел жетістіктеріне негізделген қазіргі бастамалары қоғамның келешектегі одан әрі тұрақты экономикалық және саяси дамуы мен Қазақстан мемлекеттілігінің нығаюына деген сенімді қалыптастырады. Бұл реформалардың табысты нәтижелерге қол жеткізуі халықтың берік еркі мен билігі жағдайында ғана қамтамасыз етілуі мүмкін, бұл - үлкен сын және үлкен жұмыс, ол бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Құрметті депутаттар, сіздерді «Мәңгілік ел» идеясын және Президенттің біздің алдымызға қойған кешенді міндеттерін іске асыруға күш салуға шақырамын», - деді Тоқаев. Еске салайық, Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді. Орталық сайлау комиссиясы бүгінге дейін үш кандидатты тіркеуге алды – «Нұр Отан» партиясы атынан үміткер Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халық партиясының атынан үміткер Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынушы Әбілғазы Құсайынов. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: Tengrinews.kz.