• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2015

Танкистеріміз үздік нәтиже көрсетті

336 рет
көрсетілді

Қазақ танкистері «Танк биатлоны» жарысының бастапқы кезеңін сәтті аяқтады. Жалпы ұзындығы 21 шақырымды құрайтын үш айналымды 26 минут 7 секундта жүріп өткен олар 13 елдің танкистерінің алдына шықты. Осылайша, қазақстандықтар жеке жарыста ең үздік нәтижеге қол жеткізді.

Ерекше атап өтерлігі, бірінші қазақстандық танк экипажын құрамында бағыттаушы-оператор сержант Ерасыл Жұмағұлов пен механик сержант Думан Байжанов бар лейтенант Асылбек Мұсырманқұлов басқарды. Әрине, мұндай нәтижеге қол жеткізу, қатысушы елдер танкистерін артта қалдыру экипаж мүшелерінің әскери міндетті мүлтіксіз орындауға деген жауапкершілігінде және әрқайсысының өз ісіне берілгендігінде жатыр. «Біздің экипаж қозғалғаннан бастап, ара қашықтықты бағындыруда еркін болды. Біз жарыс барысында сабырлылық сақтадық және де бар күш-жігерімізді жұмылдыра білдік. Әрқайсымыз өз міндетімізді жақсы түсініп, не істеу керектігін білдік және сол міндеттерімізді мүлтіксіз орындап шықтық», – деді экипаж командирі Асылбек Мұсырманқұлов. Қазақстандық танкистердің қол жеткізген жетістіктері «Танк биатлоны» жарысының келесі кезеңінде де жалғасын табады дегенге сенім мол. Дейтұрғанмен, межеге жету жолында сынақтың күрделі екендігін де қаперден шығармаған жөн. «Егемен-ақпарат».