• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2015

Журналист жүгі

304 рет
көрсетілді

Бас басылымның Қарағанды облысы бойынша 18 жылға жуық  меншікті тілшісі қызметін атқарған Айқын Несіпбайды әріптестері қашанда кәсібіне адалдығы, қарапайымдылығы мен шығармашылық шынайылығы үшін құрмет тұтады.

Кеше журналистің зейнет демалысына шығу құрметіне ұйымдастырылған шарада «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахманов тілшінің еңбек жолы туралы тебіреніске толы әдемі пікірлер айтты. Басылым басшысы сөзінің соңында Арқаның алқасы атанған Қарқаралы, Ақтоғай, Балқаш сынды табиғаты тамылжыған өңірлердің көркемдігін мөлдірете баяндап, сөзбен сурет сала білген қалам иесіне шығармашылық табыстар тіледі. Еске сала кетейік, Айқын Несіпбай «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшілігіне 1997 жылы Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі қызметінен ауысқан болатын. Содан бергі аралықта әріптесіміз өңірдің экономикасы мен әлеуметтік мәселелері туралы, сондай-ақ, мәдени дамуындағы жетістіктер жайында мазмұнды да көкейкесті әрі өткір мақалалар жариялап, жылт еткен жаңалықтың жаршысы бола білді. Ұжымда әрдайым сыйлы, абыройлы, кішіпейіл қалпымен ерекшеленген тілшіге егеменқазақстандықтар жылы тілектерін жеткізіп, салтанатты жағдайда зейнет демалысына шығарып салды. Редакция қызметкерлері белгілі журналиске мықты денсаулық, отбасына баянды бақыт тіледі.

«Егемен-ақпарат».