• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2015

Қостанайда Самат Бәкіров атындағы ескерткіш-тақта ашылды

329 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 7 мамыр. Қостанай облыстық ішкі істер департаментінде Ұлы Отан соғысының ардагері, генерал-майор Самат Бәкіров атындағы ескерткіш-тақта ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Самат Бәкіров соғыстан кейінгі жылдарда бүкіл саналы ғұмырын құқық органдарында қызмет істеуге арнады. Ол ішкі істер органдарында табан аудармай 47 жыл қызмет етті.  1974 жылдан бастап 1990 жылға дейін Қостанай облыстық ішкі істер басқармасына жетекшілік етті. С.Бәкіров еңбегі  қоғамдық тәртіп сақтауға қызмет етудің тамаша үлгісі болды. Самат Бәкіров Қостанай облыстық ішкі істер басқармасына жетекшілік еткен жылдары тәртіп сақшыларының жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасады. 1993 жылы С.Бәкіровтің бұйрығымен Қостанайдың іргесінде ішкі істер қызметкерлерінің балалары үшін «Дзержинец» емдеу-сауықтыру лагері ашылды. Бүгінде ол С.Бәкіров есімімен аталады. Облыстық ішкі істер департаментінің мұражайында Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында генерал С.Бәкіровтің көрмесі жұмыс істей бастады. Көрмеде Самат Ысмағұлұлының өмірі мен қызметі туралы барлық мәліметтерді табуға болады. С.Бәкіров атындағы қабырғаның ашылуына облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин, облыстық ІІД бастығы Тілеген Мәткенов және С.Бәкіровтің ұрпақтары, туған-туыстары қатысты. Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов: «Самат Ысмағұлұлы тәртіп сақшыларының жұмысын жақсартуда көп еңбек сіңірген кісі. Осы кісінің арқасында Қостанайдағы ішкі сітер  басқармасының жұмысы жаңа сатыға көтерілді. Оның басқару иәсілі темірдей тәртіппен қатар тәрбиелік бай мазмұнға ие болатын», деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек: egemen.kz Сурет: kostanaytany.kz