АСТАНА. 5 тамыз. Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің үшінші раунды шеңберінде «Астана» өз алаңында Финляндияның ХИК командасын қабылдайды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Кездесу «Астана-Арена» спорт кешенінде сағат 20:00-де басталады. Ойынды KazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Апта бұрын Хельсинкиде болған қос команда арасындағы матчта есеп ашылмаған болатын. Сондықтан бүгінгі ойында алаң иелеріне жеңіс ауадай қажет. Ал кез келген нәтижелі тең ойын қонақтарды келесі айналымға алып шығады. Егер матчтың негізгі уақытында есеп ашылмаса, ережеге сәйкес командалар әрқайсысы 15 минуттан тұратын тағы екі тайм күш сынасады. Ал онда да доп соғылмаса, плей-офф бәсекесінің жолдамасы пенальти арқылы сарапқа салынады.
Айта кетейік, кеше түнде турнирдің төрт қарымта ойыны ойналып, плей-оффқа шыққан кейбір командалар белгілі болды. Атап айтқанда, «Динамо» (Загреб, Хорватия), АПОЭЛ (Никося, Кипр), Монако (Монако, Франция) және «Рапид» (Вена, Австрия) командалары жарысты жалғастырады.
Кеше түнде болған ойындардың нәтижелері:
«Мольде» (Мольде, Норвегия) – «Динамо» (Загреб, Хорватия) 3:3 (1:3), 1:1
Голдар: Эцаз Хуссейн 43, Мохамед Эльюнусси 52, пенальти, Ола Камара 75 – Марко Пьяца 17, Ариян Адеми 20, Марко Рог 22.
АПОЭЛ (Никосия, Кипр) – «Мидтьюлланн» (Хернинг, Дания) 0:1 (0:1), 2:1
Гол: Эрик Поульсен 3.
«Монако» (Монако, Франция) – «Янг Бойз» (Берн, Швейцария) 4:0 (0:0), 3:1
Голдар: Иван Кавалейру 54, Лейвин Курзава 64, Антони Мартиаль 70, Стефан Эль-Шаарави 77.
«Аякс» (Амстердам, Нидерланды) – «Рапид» (Вена, Австрия) 2:3 (0:2), 2:2
Голдар: Аркадиуш Милик 52, Неманья Гудель 75 – Роберт Берич 12, Луис Шауб 39, 77.
Сонымен қатар, бүгін «Астана» мен ХИК арасындағы ойыннан бөлек, тағы 10 қарымта кездесу өтеді. Ол сындағы қарсыластар төмендегідей:
«Карабах» (Агдам, Әзербайжан) – «Селтик» (Глазго, Шотландия)
«Спарта» (Прага, Чехия) – ЦСКА (Мәскеу, Ресей)
БАТЭ (Борисов, Беларусь) – «Видеотон» (Секешфехервар, Венгрия)
«Базель» (Базель, Швейцария) – «Лех» (Познань, Польша)
«Брюгге» (Брюгге, Бельгия) – «Панатинаикос» (Афина, Грекия)
«Мальме» (Мальме, Швеция) – «Зальцбург» (Вальс-Зиценхайм, Австрия)
«Партизан» (Белград, Сербия) – «Стяуа» (Бухарест, Румыния)
«Виктория» (Пльзень, Чехия) – «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль)
«Скендербеу» (Корча, Албания) – «Милсами» (Орхей, Молдова)
«Шахтер» (Донецк, Украина) – «Фенербахче» (Ыстамбұл, Түркия)
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: egemen.kz.