ҚОСТАНАЙ. 5 тамыз. Ресейдің Челябі облысы Увельский ауданында Hyundai H1 мен ВАЗ-2108 автокөліктері соқтығысып, екі көліктің де жүргізушілері оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы alau.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Микроавтобустағы 18 жастағы жолаушы қыз түрлі жарақатпен Южнеуральск қалалық ауруханасына түсті.
Жол апаты Челябі-Троицк тас жолының 70-шақырымында тіркелді. Челябі облыстық ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық микроавтобустың 60 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, 31 жастағы ресейлік басқарып келе жатқан ВАЗ-2108 көлігіне соқтығысқан. Соққының күштілігі сондай ВАЗ-2108 машинасы бүктеліп қалды, микроавтобус бағытын өзгертіп, жол шетіне шығып аунап түскен.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: alau.kz.