АСТАНА. 7 мамыр. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен Қазақстанға келді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Мәртебелі мейманды Астана әуежайынан Премьер-Министр Кәрім Мәсімов пен Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қарсы алды.
Сапар барысында Қазақстан және Қытай басшылары Ақордада кездеседі деп күтілуде. Бұл – осы жылдың 26 сәуірінде өткен президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін Елбасының шет ел басшыларымен алғашқы кездесуі.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».