ҚЫЗЫЛОРДА. 5 тамыз. «Республикалық ветеринарлық зертхана» Қызылорда облыстық филиалының мамандары Жаңақорған ауданындағы уақ малдың жаппай қырылу себебі «пастереллез» бен «анаэробты энтерооксемиядан» болған деп отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осыған байланысты Жаңақорған кенті мен Бесарық ауылдық округіне шектеу қойылып, барлығы 8350 бас мал және қора-қопсылары залалсыздандырылған. Ол үшін республикалық бюджеттен арнайы қаржы қаралып, оған жұқпалы анаэробты энтерооксемияға қарсы 103 740 доза, пастереллез ауруына қарсы 103 762 доза вакцина сатып алынып, тегін таратылуда. Қора-қопсыларды залалсыздандыруға 355 литр Глак ветпрепараты жеткізілді. Сауықтыру жұмыстарына 8 эпизоотиялық жұмыс тобы, 41 дәрігер жұмылдырылды.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: 24.kz.