• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2015

Атырауда тұтынушылардан заңсыз құжаттар сұралады

391 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 4 тамыз. Атырау облысындағы монополист-кәсіпорындардың желіге қосылу барысында тұтынушылардан заңсыз құжаттар сұрату дерегі анықталып отыр. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Атырауда су, газ және электр желілеріне қосылуға ниетті тұтынушылар өтініші уақытында орындала бермейді. Өйткені, аталған салаларда тұтынушыларға қызмет көрсететін кәсіпорындар тарапынан заңда көзделмеген құжаттар сұралады екен. Осылайша, тұтынушылар құқығы бұзылады. «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы, «Жылыой Газ» және «Жылыой Су» серіктестіктері өздеріне тиесілі желіге қосуға техникалық шарттар беру кезінде заңда қарастырылмаған құжаттар әкелуді талап еткен. Мәселен, барлық коммуникациялар мен құрылыстар көрінетін 1:500 масштабты топонимикалық түсірілім сұратқан. Кәсіпорындардың бұл талабы кәсіпкерлердің қосымша шығындануына әкеліп соқтырды. Енді бұл құжаттар қажетті құжаттар тізімінен алынып тасталды», деп хабарлады Атырау облыстық прокуратурасы басқарма басшысының міндетін атқарушы Темірбек Дәржанов. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық прокуратурасы. Сурет: azh.kz.