• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2015

Тамыз айында өткізілетін спорт сайыстарына 2 млн. адам қатысады

409 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 тамыз. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 қарашадағы №1226 Жарлығымен тамыз айының үшінші жексенбісі, «Спорт күні» кәсіби мереке болып бекітілді. Соған байланысты осы тамыз айында республиканың барлық өңірінде спорттық іс-шаралар өткізіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хбарлады. Аталған шара шеңберінде облыс және аудан орталықтарында 400-ден астам ірі спорт сайыстары ұйымдастырылады. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұл шараларға 2 млн.-ға жуық адам қатысады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, бұқаралық спорттың дамуына қатысты жұмыстар да қолға алынады. Спорт айлығында осы мақсатта өткізілетін жарыстарға барлық буын өкілдерін, яғни, балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектерді барынша тарту көзделіп отыр. Айлық барысында ұлттық спорт түрлерінен де жарыстар ұйымдастырылады. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандар сайысы, ауыл спартакиадалары, зияткерлік ойын түрлері және тағы басқалары назардан тыс қалмайды. Сонымен қатар, 16 тамызда орталық мемлекеттік орган қызметкерлері спорт айлығы шеңберінде Президенттік тест тапсырады. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.