• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2015

Қызылордада ерлік пен елдіктің салтанаты өтті (фото)

489 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 мамыр. Қалада «Ұлы Жеңіс – мәңгі ел жадында» атты үлкен іс-шара өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аты айтып тұрғандай, бұл 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік салтанат еді. Биыл Жеңіс туының желбірегеніне 70 жыл толып отыр. Осы бір сұрапыл соғыста қаншама боздақ майдан даласында қалды. Аталған шара соғыстан оралмаған жауынгерлерге тағзым етіліп, Отан үшін от кешкен ардагерлерді еске алып, арамыздағы көзі тірі майдангерлерді ұлықтап, жас жеткіншектерге ерлікті дәріптейтін тағылымды сипатта өтті. «Бұл дүниеде біздің жалғыз Отанымыз бар. Ол Тәуелсіз Қазақстан. Отанымызды қорғау қасиетті міндет, үлкен мәртебе»,– деген еді Елбасы. Тарихқа көз жүгітсек, ел үшін жанын аямаған, кеудесін оққа тосқан батырға кенде емеспіз. Кешегі қан майданда біздің аталарымыз елді қорғап, жаудан азат етіп қалды. Жеңістің жетпіс жылдығына куә болып отырған қарттарымыз аман болсын. Ал Отан қорғаушы бейбіт күннің ұландары Тәуелсіздікті тұғырландыруда қызмет етейік», деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. Сондай-ақ, аймақ басшысы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Құрмет грамотасы секілді мемлекеттік наградаларды табыстады. 1418 күн, 34 сағатқа созылған қан майданның қасіретін ұмыту мүмкін емес. Ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батырларды дәріптеу жалғаса береді. Өкініштісі, қарт майдангерлердің қатары күн өткен сайын сереп барады. Соғыс даласынан Сыр өңіріне 35 мың жауынгер аман оралса, бүгінде соның 89-ның ғана көзі тірі. Мерекелік шарада Отан қорғаушыларға да құрмет көрсетілді. Өнерпаздар түрлі қойылымдар қойып, әннен шашу шашты. Сонымен қатар орталық алаңда сарбаздардың қоян-қолтық ұрыс көріністерін көрсетті. Мұнан соң облыс тұрғындары лэд экран арқылы Астанадағы мерекелік шеруді тамашалады. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz