• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2015

Ресейде полиция бөлімшесінің шатырынан 40 жыл жатқан мәйіт табылды

311 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 тамыз. Ресейдің Краснодар өлкесі Гулькевич ауданындағы полиция бөлімшесінің шатырынан қырық жыл жатқан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Ресей Федерациясы тергеу комитетінің өңірлік тергеу басқармасы аталмыш дерек бойынша «кісі өлтіру» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғаушылар оның қалай өлгенін, осы күнге дейін мүрдесі неліктен табылмағанын анықтауға тырысуда. Қазір белгілі болғаны, ер адам 38-40 жыл бұрын көз жұмған. Оның қалай қайтыс болғаны, кім екені әзірге анықталған жоқ, – деп мәлімдеді өлкелік тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Наталья Смяцкая. Сонымен қатар, ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің бұл іске қайндай да бір қатыстылығының бар-жоғы әзірге анықталмады. Айдар Өрісбаев. Дерек: «ҚазАқпарат». Сурет: bloknot-krasnodar.ru.