• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2015

Қостанайда халыққа қызмет ету орталығының жаңа бөлімшесі ашылды

263 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 5 тамыз. Қостанайдағы Қазпошта халыққа қызмет ету орталығының бөлімшесі ашылды. Бұл туралы alau.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазір тұрғындар мемлекеттік түрлі құжаттар алу үшін халыққа қызмет ету орталығына барады. Енді ақпараттық қызметтің барлығын Қазпоштаның орталық бөлімшесінен де алуға болады. Орталық қызметкерлері қала тұрғындарының мекенжай анықтамасы, зейнетақы аудармалары, тіркелген құқық туралы ақпараттар үшін жиі келетіндігін айтады. Тіпті халыққа қызмет көрсету орталықтарынан бала бақшаға баласының кезегі қалай жылжып отырғанына дейін біле алады. Орталықтың мұндай филиалдары Қостанай қаласының өзге жерлерінде де орналасқан. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.