• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2015

9 мектеп жабылып, 5 мектеп қайта құрылады

251 рет
көрсетілді

Журналистермен кездесуде Қостанай облыстық білім беру басқармасының басшысы Әлия Тұрғараева осыны мәлімдеді. Содан кейін мектептердің жаңа оқу жылына және қысқа дайындығы, оқулықтың жеткізілуі жөнінде әңгімеледі.

Облыстағы 548 жалпы білім бере­тін мектептердің 47 пайызы күр­делі жөндеуден өткізілді. Қара­су ауданындағы апат жағдайында тұрған Ильич білім ұясы туралы көптен бері айтылып келеді. Білім беру басқармасының басшысы бұл мектептің жөндеу жұмыстары 2016 жылы жүргізілетінін айтты. Жыл басынан бері 5 білім меке­месі­не күрделі жөндеу жұмыстары жүр­гізілген.

Бүгінге дейін барлығы 741 мем­лекеттік білім беру мекемелерінің 431-і қатты отынмен жылытылады. Оларға жылына 95 мың 21 тонна көмір жеткізілуі тиіс. Қазір барлық керекті отынның 94 пайызы жеткізілді. Облыста биыл 9 мектеп жабылып, 5-уі қайта құрылатын себебі ауылда бала санының азаюына байланысты болып отыр. Өткен жылы 8 мектеп жабылып, 10 мектеп қайта құрылған болатын. Әлия Тұрғараеваның айтуынша, былтыр 3-ші және 10-шы сыныптар арасындағы оқушылар оқулықпен 98 пайыз қамтамасыз етілген. Алайда, білім ошақтарына кітаптардың өз уақытында жеткізілмеуі біраз қиындықтар туғызған болатын. Биыл оқулықтардың тасымалданып, жеткізілуі 80 пайызды құрап отыр. Ал оларды аудандарға жеткізу 10 тамызда аяқталады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.