• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2015

«Демократия – бәрінен бұрын жауапкершілік»

300 рет
көрсетілді

Бұл сөздер Қырғыз­стан­ның белгілі қалам­­гер­лерінің бірі, шығар­маларын тәжік, қырғыз тілдерінде қатар жаза­тын Мирзохалим Кари­мовтың «Егемен Қазақ­станға» жолдаған хатынан алынып отыр. Ел­басы абыройы – ел абыройы екенін ескеріп, хатты газет оқырмандарының назарына ұсынуды орынды көрдік. Бауырласымыздың «демократия жалаң ызы-чуу не митинг эмес, баарынан мурда жоопкерчилик экенин элдерге түшүндүрө алдыңыз» деген сөздерінің астары да ойлы адамға түсінікті деп білеміз.  Президентке арналған хатта былай делінген: Құрметті Нұр­сұл­тан Әбішұлы! Сіз­дің жетекшілік даныш­пан­дығыңыз, әлемдік аренадағы жұлдыздай жанған биік абыройыңыз, саяси ақылмандығыңыз туысқан қазақ халқының ғана емес,  қала берді Ор­та­лық Азияның барлық халық­тарының да мақтанышы. Нұрсұлтан десе – қазақ, қазақ десе – Нұрсұлтан деп білетін ақиқат шындық Қазақстанның тарих парақтарына мәңгілік өшпес алтын әріптермен әлдеқашан жазылып та қалды. Президенттік қызмет тізгінін қолыңызға алғаннан бері еліңізді әлемдегі дамыған елу мемлекеттің  қатарына қостыңыз, көпұлтты еліңіздің достық-ынтымағын шың­дадыңыз, демократия тек қана айқай-шу не митинг емес, бәрі­нен бұрын жауапкершілік екен­д­і­гін елге түсіндіре алдыңыз.  Мем­лекетті тура басқару арқылы ел-жұр­тыңыздың тұрмыс-тіршілігін жақсартқаныңызбен, жетекшілік қырағылығыңызбен, қара қылды қақ жарған әділдігіңізбен Орталық Азия­ның және басқа өлкелердің прези­денттеріне ең үздік үлгі болып келе жатырсыз. Керек болса, мен Сізді бүкіл Ор­талық Азия халықтарының бақытына жаралған тарихи тұлға деп санаймын. Әлемде әртүрлі қауіпті оқиғалар бола бастаған қиын заманда Орталық Азиядағы қуатты елдің жетекшілік тізгіні Сіздің қолыңызда тұрғаны Қазақстан үшін ғана емес, басқа көрші мемлекеттер үшін де үлкен күш-қуат. Сізге денсаулық, игілік қа­лаймын! Мирзохалим КАРИМОВ, қырғыз-тәжік жазушысы. Бішкек шаһары.  
Соңғы жаңалықтар