АСТАНА. 6 тамыз. Көкшетауда 82 жастағы қейуана 4-қабаттан құлап, қаза тапты.
Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға Көкшетау қаласында орын алған. Қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне облыстық аурухананың дәрігері хабарлаған.
Ол: «Түрлі дене жарақатымен аурухананың жан сақтау бөліміне 1933 жылы туған әйел кісі түсті. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалуға ұмытылғанымен, кейуана алған жарақатынан қайтыс болды», – деді.
Ал қаза тапқан қарияның немересі: «Әжемнің көзі нашар көретін және үйде жалғыз қалған болатын. Сондықтан да әжем есікті ашамын деп байқаусызда терезені ашып жіберген болуы мүмкін», – деді.
Айта кетейік, аталған оқиғаға байланысты құқық қорғау огандары тексеру жүргізуді бастады.
Талғат Райымбек.
Дерек: «ҚазАқпарат»
Сурет: astana.gov.kz.