АҚТАУ. 6 тамыз. Маңғыстауда 25 жастағы жігітті құрдасы басынан атқан. Бұл туралы nur.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға Кендірлі демалыс аймағында орын алған. Демалыс орнында танысқан қос құрдас бірігіп ішімдік ішіп, кейін араларында жанжал туындайды. Бірі тапаншасын алып шығып, жігіттің басынан атады. Нәтижесінде бас-ми жарақатын алған ер адам Жаңаөзендегі қалалық аурухананың жансақтау бөліміне түседі. Жедел іздестіру шараларын жүргізген полицейлер күдіктіні қолға түсірді және одан «Стражник» травматикалық қаруы тәркіленді.
Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: ohrana.ru.