АСТАНА. 6 шілде. Бортында жүздеген заңсыз мигранты бар кезекті кеме Ливиядан 30 шақырым жерде аударылды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
АНСА агенттігінің ақпары бойынша, кемеде 700-ге жуық адам болған, оның 400-і құтқарылды.
«Кеме мигранттардың бір шетке көптеп шоғырлануынан тепе-теңдігін жоғалтып аударылған», – деп мәлімдеді миграция жөніндегі Халықаралық ұйымның өкілі Ленард Дойл. Әзірге 25 адамның денесі жағаға шығарылды. Құтқару операциясына үш кеме жұмылдырылды.
2015 жылы Жерорта теңізі арқылы Еуропаға заңсыз өту әрекеті кезінде қаза болған мигранттар саны күрт өсті. Алғашқы жеті айдың өзінде 2000 адам қаза болды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 400-ге көп.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: tass.com.
Сурет: morvesti.ru.