Кеше ресми түрде «Әскери әулет» алғашқы республикалық байқауы басталды. Ол отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттауға, өскелең ұрпақты патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу негіздері ретінде қазақстандық әскери қызметшілердің отбасына демеу болуға бағытталған. Аталған байқауға Қарулы Күштерде қызмет атқарған, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысқан әкелерінің, аналарының, аталары мен апаларының даңқты әскери дәстүрлерін жалғастыра отырып, қазіргі уақытта қазақстандық армияда қызмет етіп жүрген әскери қызметшілер қатысып, отбасының ерекше құндылықтарын айтып бере алады.
«Әскери әулет» байқауы бүкіл елге ұрпақтан-ұрпаққа әскери қызмет дәстүрін жалғастырып келе жатқан айбынды әскери қызметшілердің әулеті туралы паш етеді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің осы іс-шарасына қатысуға ниет білдірушілерге жауынгерлік марапаттар, отбасы мүшелерінің еңбектері мен жетістіктері, дәстүрлері мен қасиеттері туралы әңгімелей отырып, өзінің әскери әулетінің портфолиосын ұсынулары қажет.
Өтінімдер ағымдағы жылғы тамыздың 5-і мен 25-і аралығында қабылданады.