АҚШ-та ChatGPT арқылы жазылған хабарламалар сотта негізгі айғаққа айналды.
Миссури университетінің 19 жастағы студенті оқу орны аумағында бүлік шығарып, 17 көлікті зақымдаған. Бейнебақылау камералары оның қылмыс орнында болғанын растаған. Бірақ ең маңызды дәлел – студенттің ChatGPT чат-ботымен жазысқан хабарламалары болды. Оқиғадан кейін жасөспірім жасанды интеллектіден «түрмеге түсем бе?» деп сұрап, «түкке тұрғысыз көліктерді сындырғанын» өзі мойындаған. Тергеушілер бұл хат алмасуды кінәсін мо-йындау ретінде бағалап, оның келісімімен хаттардың мазмұнын зерттеген. Қазір күдіктіге «мүлікке қасақана зиян келтіру» бабы бойынша айып тағылып отыр.