Сырым ауданында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында республикалық трансферттен және жергілікті бюджеттен 12 млн. 992 мың теңге қаржы бөлінді. Осы бөлінген қаржыға шілде айының алғашқы онкүндігі аралығында 61 жас маман негізгі мамандықтары бойынша аудандағы 42 мекемеге «Жұмыспен қамту орталығы» ММ арқылы 6 ай мерзімге жұмысқа жолданды. Жұмысқа жолданғандардың арасында мал дәрігері, білім беру, ақпараттық жүйелер, байланыс технигі, электрмен қамтамасыздандыру, қаржыгер, жол құрылысын қадағалау, туризм, әлеуметтік қызметкер, мәдениет, бейнелеу және сызу өнері сияқты сала иелері бар. Ең бастысы, ауданда қолға алынған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының мақсаты еліміздегі жоғары және арнайы орта білім ордаларын бітірген, әйтседе мамандығы бойынша жолы болмай жүрген жастарды тұрақты жұмыспен қамту, оларға қолдау көрсету болатын.
Мүсірбек АЙТАШЕВ. Сырым ауданы, Батыс Қазақстан облысы.