24KZ тәулік бойғы жаңалықтар телеарнасының директоры ауысты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.
«Мен басқа жұмысқа ауысамын. Маған ұсыныс жасалды, мен келістім», - деді телеарнаны ашылған уақытынан бері басқарып келген Александр Аксютиц. Бірақ өзінің жаңа қызмет орны туралы айтқан жоқ.
24KZ арнасының жаңа басшысы Арман Сейітмамыт тағайындалды. Ол бұған дейін телеарнаның шеф-редакторы қызметін атқарды. Телекөрермендер оны Арман Балтабайұлы ретінде біледі.
Аксютицтің айтуынша, басшы ауысқаннан кейін күні-түні ақпарат тарататын телеарнаның саясаты өзгермейді.
Еске сала ктейік, Қазақстан тарихындағы күні-түні жаңалық тарататын тұңғыш телеарна - 24.KZ 2012 жылы ашылған еді. Арна «Хабар» агенттігі» АҚ құрылымына кіреді. Телеарна 2012 жылдың 1 қыркүйегіне қараған түні телерадиокешен маңындағы алаңда алғаш рет ресми түрде таныстырылды.
Мұрат Айтқожа.