• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қазан, 2025

Елімізде теледидар мен радио уақытша өшіріледі

390 рет
көрсетілді

Қазақстанда 16 қазан күні таңғы 03:00-ден кешкі 17:00-ге дейін телерадио хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазтелерадио» АҚ бұл кезеңде IV тоқсанға жоспарланған профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін және техникалық құралдар бойынша спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерде қызметтердің жабылатынын атап өтті.

«Жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде телерадиоканалдардың Қазақстан аумағындағы ретрансляциясы уақытша тоқтатылады», делінген хабарламада.

Мекеме бұл шаралардың сапалы теле-радиохабар таратуын қамтамасыз ету мақсатында қажет екенін түсіндірді. Жұмыстар аяқталған соң эфир қалыпты режимге оралады.