• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2015

Стратегиялық әріптестік жалғасады

235 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасында жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Альберт Кролды қабылдады. Мемлекеттік хатшы АҚШ елшісін тағайындалуымен құт­тықтады және оның жаңа лауазымы біздің елдер ара­сындағы жан-жақты әрі же­місті ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына мүмкіндік туғы­за­тынына сенім білдірді. Одан әрі Г.Әбдіқалықова Ел­басы Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстанда бес ин­с­ти­туттық реформаны жүр­гізу, Ұлт жоспары – «100 нақ­ты қадамды» іске асыру жұмыс­тарының басталғанын атай отырып, қолға алынған іс-шаралар елі­міздің саяси жүйесін жаңартуды және экономикамыздың ор­нық­ты өсуін қамтамасыз етіп, «Қазақ­стан-2050» Стратегиясының негіз­гі мақсаттарына қол жеткізуге, әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруге ықпал етуі тиіс екенін айтып өтті. Кездесу барысында мем­ле­кет­аралық қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың, толерантты қоғамды, көпэтносты және көп­конфессиялы құндылықтарды ілгерілетудің, әлеуметтік-гума­ни­тарлық ынты­мақ­тастықтың өзекті мәселелері бойынша сындарлы пікірлер алмасылды. Бүгінгі таңда Қазақстан-АҚШ арасындағы бірлескен жұмыс келесі маңызды бағыттарда жүр­гі­зі­луде: қауіпсіздік пен өңірлік ынты­мақтастық, ядролық қару­ды таратпау, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Сая­саты, Қа­зақ­станның ДСҰ-ға кіруі, ЭКСПО-2017, әске­ри және ғылы­ми-техника­лық ынты­мақ­тас­тық, құ­қық қор­ғау органдары арасын­дағы өзара іс-қимыл ая­сында сауда-экономикалық жә­не инвестициялық өзара қарым-қаты­насты жандандыру. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 2,4 млрд. долларды құрады. Қазақстан экономикасына салынған аме­ри­калық инвестицияның жалпы көлемі 21 млрд. АҚШ доллары­нан асып түсті, республикада америкалық капиталдың қаты­суымен 470-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Тараптар Қазақстан Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылы АҚШ-қа жасаған сапары барысында қол қойылған Қа­зақ­стан-АҚШ ғылыми-техника­лық ынтымақтастығы туралы ке­лі­сімнің негізінде білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік жоғары екенін атап өтті. Бүгінгі таңда қазақстандық жо­ғары оқу орындары америкалық 30-дан астам білім және ғылым орталықтарымен ынтымақтастық орнатқан. Соның ішінде Карнеги-Меллон, Дьюка, Питсбург және Гарвард университеттерімен тиімді қарым-қатынастар ор­нат­қан «Назарбаев Университет» АҚ атап өтерліктей маңызға ие бо­лып отыр. «Болашақ» бағдар­ламасы бойынша АҚШ-та 1840 қазақстандық жас білім алды, 590-нан астамы оқуларын жал­ғас­тыруда. Кездесу соңында тараптар Қа­зақстан мен АҚШ арасындағы өза­ра іс-қимылдың стратегиялық серік­тестік рухына толық сай келе­тін жоғары деңгейде екенін атап өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».  
Соңғы жаңалықтар