• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2015

Қазақстан боксшылары Риода 2 алтын медальға үміт артады

254 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 ақпан. Қазақстан боксшылары 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиадада екі алтын медаль жеңіп алуды алға жоспарлағалы отыр. Бұл туралы бүгін Бокс федерациясының функционерлері айтқан сөзге сүйенген «Радиоточка» хабарлады. Дәл қазіргі таңда Қазақстан боксы спорттың бұл түрі бойынша әлем рейтингісінде бірінші сатыда тұр. Еліміздің былғары қолғап шеберлері халықаралық турнирлердің барлығында сәтті өнер көрсетіп жүр. Ондай жарыстардан жастар мен жасөспірімдеріміз де құрқол қайтып жүрген жоқ. Ал әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Назгүл Қызайбай өз құрбылары ішінен бірінші болып ең биік тұғырға көтерілді. Биылғы жыл – Олимпиада алдындағы жыл. Жігіттер Риода болатын бокс турниріне алғашқы лицензияларды Катар астанасы – Доха қаласында өтетін турнирде жеңіп алуға тиіс. Ал Бүкіләлемдік бокс сериясында 60 килоға дейінгі салмақтағы Берік Әбдірахманов қазірдің өзінде осы жолдамаға қол жеткізіп үлгерді. Бұл додада тағы 3 боксшымыз әзірге сәтті өнер көрсетіп келеді. Тұтастай алғанда, 2015 жылы Қазақстан құрамасының боксшылары 29 халықаралық турнирге қатысып, 13 оқу-жаттығу жиынын өткізбекші. «Бізде әлем чемпионатына қатысатындар арасында лидерлер бар. Біз олардан жоғары нәтиже күтеміз», - деді осы орайда құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов. Дамир Қожамқұл.