• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2015

Польшаның жаңа президенті қызметіне кірісті

371 рет
көрсетілді

АСТАНА. 7 тамыз. Кеше, 6 тамыз күні Польшаның жаңа президенті Анджей Дуда өзінің лауазымын атқаруға кірісті. Бұл туралы ras.kz хабарлады. Бейсенбі күні Польшаның жаңадан сайланған президенті Анджей Дуданың инаугурациясы болды. Ол ұлттық жиналыс – сейм мен сенат алдында ант қабылдап, бес жылдық мерзімге белгіленген қызметіне кірісті. Сейм спикері Малгожата Кидава-Блонска ұлттық жиналысты ашқаннан кейін Польшаның мемлекеттік гимні орындалды. Конституцияға сәйкес, Анджей Дуда ұлттық жиналыс алдында ант мәтінін оқыды. Содан соң ол өзіне президент сайлауы барысында дауыс берген поляк халқына алғыс сезімін жеткізді. Ол өзінің сөзінде Польшаға бұдан да гөрі күштірек НАТО-ның көбірек көз салуы керектігін, Солтүстік альянс тарапынан бұдан да күштірек кепілдік болуы маңызды екенін атап өтті. Дуда сондай-ақ, «халықаралық саясатта революцияның керек емес екенін, дегенмен, оны реттеп тұру қажеттігін айтты. Сол сияқты күшті, жақсы қаруланған поляк армиясын құру керектігін алға тартты. Оның айтуына қарағанда, елден тысқары жерлерде тұрып жатқан ұлты поляк жастарымен қарым-қатынас орнатып, олардың елге оралуы үшін керекті барлық жағдай жасау керек. Инаугурацияға қатысқан 600-ден астам меймандардың қатарында Польшаның бұрынғы президенттері Лех Валенса мен Александр Квасневски, бұрынғы премьер-министрлер Ежи Бузек пен Ян К. Белецки, сейм мен сенаттың бұрынғы спикерлері, ұлттық поляк банкінің басшысы, адам құқығы жөніндегі уәкіл, балалар құқығы жөніндегі уәкіл, дін басшылығының, куродепутаттар мен дипломатиялық корпус болды. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: ras.kz.