АСТАНА. 19 ақпан. Ұлттық банк ел Үкіметімен бірлесіп ипотекалық несиелендіру саласындағы мәселелерді шешуге 130 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған хабарламада көрсетілгендей, бөлінген қаржының несиелерін төлей алмай жүрген адамдардың қарыздарын есептен шығаруға жұмсалмайтыны айтылған. Сондай-ақ, Ұлттық банктің мәлімдемесінде «Ол ипотекалық несиелер бойынша қызмет көрсету шарттарын жеңілдетуге бағытталады. Енді Ұлттық банк осы саладағы мәселелерді шешудің жолдарын әзірлеу, оның негізгі өлшемдерін айқындау жұмыстарын мүдделі мемлекеттік органдармен, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» pаңды тұлғалар бірлестігімен, банктермен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен тізе отырып жүзеге асыратын болады.
Бұл шешім Мемлекет басшысының Үкіметтің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданып отыр. Сол отырыста Нұрсұлтан Назарбаев: «Ипотекалық несиелер мұрасынан арылу керек және тек мұқтаж адамдардың ғана ипотекалық несиелері бойынша қарыздарын қайта құрылымдау мәселесін шешу қажет», – деген болатын.
Жоғарыдағы шешімді дайындауға «Нұр Отан» партиясы мен Алматы қаласының әкімдігі қатысты.
Жолдыбай Базар.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: mln.kz.