• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2015

Ақтөбеде көп балалы аналар марапатталды

341 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 7 тамыз. Ақтөбеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жылдың 9 шілдесіндегі Жарлығымен 15 көп балалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Салтанатты марапаттау рәсімінде қала әкімінің орынбасары Қуантқан Әлімов сөз алып, аналарға ақ тілегін арнады. Ол ұрпақ тәрбиесінде ананың рөлі ерекше, көп балалы ана атану – үлкен абырой, биік дәреже екенін жеткізді. Сондай-ақ, халық санын арттыруға үлес қосқан көп балалы аналардың кеудесіне алтын, күміс алқалар тағып, қала әкімінің арнайы сыйлықтарын тапсырды. Қазір облыс орталығында 5 684 көп балалы ана тұрады. Олардың 1 143-і – «Алтын алқа» және 1 663-і «Күміс алқа» иегері. Сонымен қатар, Ақтөбеде 286 «Батыр ана» және 339 І, ІІ, ІІІ дәрежедегі «Ана даңқы» иегері тұрады. Төрт және одан да көп балалы 2 578 ана бар. СатыбалдыСәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: lada.kz.