• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2015

Чемпиондар лигасы. «Астана» плей-оффта АПОЭЛ-мен ойнайды

402 рет
көрсетілді

АСТАНА. 7 тамыз. УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесінде «Астана» Кипр-дің АПОЭЛ командасымен ойнайды. Ол бүгін Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсімі нәтижесінде белгілі болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Чемпиондар лигасының топтық сайысында 32 команда ойнайтыны белгілі. Оның 22-сі тікелей жолдамаға ие болса, қалған 10 жолдаманы мына командалар сарапқа салады: «Астана» (Астана, Қазақстан) – АПОЭЛ (Никося, Кипр) «Скендербеу» (Корча, Албания) – «Динамо» (Загреб, Хорватия) «Селтик» (Глазго, Шотландия) – «Мальме» (Мальме, Швеция) «Базель» (Базель, Швейцария) – «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) БАТЭ (Борисов, Беларусь) – «Партизан» (Белград, Сербия) «Лацио» (Рим, Италия) – «Байер» (Леверкузен, Германия) «Манчестер Юнайтед» (Манчестер, Англия) – «Брюгге» (Брюгге, Бельгия) «Спортинг» (Лиссабон, Португалия) – ЦСКА (Мәскеу, Ресей) «Рапид» (Вена, Австрия) – «Шахтер» (Донецк, Украина) «Валенсия» (Валенсия, Испания) – Монако (Монако, Франция). Алғашқы ойындар 18-19 тамыз күндері ойналады. Ал қарымта кездесу 25-26 тамызға жоспарланған. «Астана» бірінші матчты өз алаңында өткізетінін айта кетейік. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: uefa.com.