• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2015

Еуропа лигасы. «Қайраттың» келесі қарсыласы – «Бордо»

470 рет
көрсетілді

АСТАНА. 7 тамыз. УЕФА Еуропа лигасы іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесінде Алматының «Қайраты» Францияның «Бордо» командасымен ойнайды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсімінде аталған турнирдің топтық кезеңіне берілер жолдамаға таласатын қарсыластар анықталды. Атап айтқанда, іріктеу сайысы арқылы таратылатын 22 жолдамаға мына командалар таласады: «Альтах» (Австрия) – «Белененсеш» (Португалия) «Стяуа» (Румыния) – «Русенборг» (Норвегия) «Виктория» Пльзень (Чехия) – «Войводина» (Сербия) «Яблонец» (Чехия) – Аякс (Нидерланды) «Мольде» (Норвегия) – «Стандард» (Бельгия) «Жилина» (Словакия) – «Атлетик» (Испания) «Заря» (Украина) – «Легия» (Польша) «Милсами» (Молдова) – «Сент-Этьен» (Франция) «Янг Бойз» (Швейцария) – «Карабах» (Әзербайжан) ПАОК (Грекия) – «Брондбю» (Дания) «Бордо» (Франция) – «Қайрат» (Қазақстан) «Динамо» Минск (Беларусь) – «Зальцбург» (Австрия) «Слован» Либерец (Чехия) – Хайдук Сплит (Хорватия) «Панатинаикос» (Грекия) – «Габала» (Әзербайжан) «Астра» (Румыния) – «АЗ Алкмар» (Нидерланды) «Краснодар» (Ресей) – ХИК (Финляндия) «Лех» (Польша) – «Видеотон» (Венгрия) «Работнички» (Македония) – «Рубин» (Ресей) «Атромитос» (Грекия) – «Фенербахче» (Түркия) «Саутгемптон» (Англия) – «Митьюлланд» (Дания) «Одд» (Норвегия) – «Боруссия» Дортмунд (Германия) «Тун» (Швейцария) – «Спарта» Прага (Чехия). Еуропа лигасының алғашқы ойындары 20 тамызда ойналады. Ал қарымта кездесулер 27 тамызда өтеді. Бұл ретте «Қайрат» бірінші матчты сырт алаңда өткізетінін айта кетейік. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: uefa.com.