• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Мамыр, 2015

Құттықтау жеделхатын жолдады

182 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбри­тания және Солтүстік Ирландия Біріккен Король­дігінің Премьер-министрі Дэвид Кэмеронға Консервативтік партияның парламенттік сайлау­дағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады. «Бұл жеңіс Ұлыбритания халқының Сіздің саясатыңызға білдірген айқын қолдауының көрсеткіші екені анық. Сіздің Премьер-министр лауазымындағы қызметіңіз еліңіздің өркендеуіне және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі дамуына септігін тигізетініне сенімдімін», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Д.Кэмеронға зор денсаулық пен қажымас қайрат, жауапты қызметіне табыс, ал достас Ұлыбритания халқына береке-бірлік пен бақуаттылық тіледі.