• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Тамыз, 2015

Жылыту маусымына тыңғылықты дайындалу қажет

276 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Нысандарды 2015-2016 жыл­дардағы жылыту маусымына дайындау коммуналдық қызмет­термен келісілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. 2015 жылға 9 энергия блогына, 59 энер­гетикалық қазандыққа және 47 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Тамыздың басына қатысты 4 энергоблоктағы, 30 қазандықтағы және 20 турбинадағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Жылумен жабдықтау желілерінің жылыту маусымына дайындығы 60 пайызды, білім беру нысандарында – 79, денсаулық сақтау мекемелерінде – 75, тұрғын үйлерде 63 пайызды құрайды. Қуаты сағатына 100 Гкал.-ға дейінгі жылу көздеріне қажетті отын алдағы жылу маусымына 1 883 мың тонна көмір мен 230 мың тонна мазутты құрайды. Сонымен бірге, қазірдің өзінде 591 мың тонна көмір және 54 мың тонна мазут дайындалған. Кеңес қорытындысы бойынша, Бақытжан Сағынтаев Энер­гетика министрлігіне электр стансаларының алдағы жылу беру кезеңіне дайындығы, отын­ның нормативтік қорын жинақ­тау барысына тұрақты мониторинг ұйымдастыруды тапсырды. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкім­діктеріне әкімдердің жауапты орынбасарларын бекіте отырып, бүкіл жөндеу науқандары мен жоспарланған іс-шаралардың толық орындалуын, коммуналдық сектор мен әлеуметтік саланың барлық нысандарын жылыту мау­сымына уақтылы дайындау­ды қамтамасыз ету, сондай-ақ, дебиторлық борышты төмендету және коммуналдық қызмет үшін ағымдағы борыштардың өсуіне жол бермеу жөнінде тапсырма берілді.