• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Мамыр, 2015

Күн тәртібі нақтыланды

167 рет
көрсетілді

Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төраға­лы­ғымен Мәжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Депутаттар назарына «Жеке детек­тивтік қызмет туралы» заң жобасы ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда ұсы­нылып отыр. Мәжілісмендер мен­шік құқы­ғын қорғауды күшейту, шарт­­тық міндеттемелерді қорғау­ды кепіл­дендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті  қатаңдату мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қарамақ. Сонымен қатар, күн тәртібі жоба­сында Болгария және Ру­мы­ния елдерімен адамдарды ұстап беру туралы шарттарды, сондай-ақ, Румыниямен сотталған адам­­­дарды беру туралы шартты рати­фи­ка­ция­лауға қатыс­ты заң жобалары қамтылған. Жалпы отырыста Мә­жіліс сот жүйесі мен судья­лары­ның мәртебесі туралы Конс­титуциялық заңға және конс­титуциялық заңдарға азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістерге қатысты заң жобалары мен Каспий теңізінің су-биологиялық ресурс­тарын сақтау мен ұтымды пайдалану туралы, Ресеймен Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы келісімдерді ратификациялау туралы заң жобаларына байланысты бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ.