• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Мамыр, 2015

Маңызды мәселелер қаралды

285 рет
көрсетілді

Кеше  Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев  қызылшаға қарсы екпе жұмыстарын, сонымен қатар Ақмола облысының Калачи ауылындағы, Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылындағы жағдайларды талқылау бойынша мәжіліс өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Мәжіліске орталық, жергі­лік­ті органдардың және ғылыми ме­ке­мелердің басшылары қатыс­ты.

Мәжіліс соңында Б.Сапар­баев нақты бірқатар тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, осы жылғы қазан айынан кейін айқындалған мерзімде мүдделі мемлекеттік органдарға қызылшаға қарсы қосымша екпе жасалмай тұрып, бір ай бұрын иммунизация шара­ларын өткізуді тапсырды.  Осы­ған орай, үстіміздегі жылғы 1 мау­сымға дейін оны дайындау бой­ынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, осыдан бұрын жүргі­зіл­ген екпенің қателіктерін жою мақ­сатында шаралар қабылдау қажет.

Сондай-ақ, вице-премьер ал­дағы маусымда кешенді ғылыми-зерттеулер нәтижесінің негізінде Калачи ауылының «ұйқы» син­дро­­мының пайда болуының шы­найы себебін анықтауды тап­сыр­ды. Сонымен қатар, ауыл тұр­ғын­дарын облыстың басқа елді ме­кен­деріне көшіру жұмыстарын жал­ғас­тыру және оларға қажетті көмек көрсету қажеттілігі айтылды.

Сонымен бірге, Премьер-Министрдің орынбасары Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне Березовка ауылында тұрақты экологиялық мониторингтің қам­тамасыз етілуін және ауыл тұр­ғындарын көшіру, оларды  жұмыспен қамту мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Одан басқа, Б. Сапарбаев Қара­шығанақ мұнай-газ конденсаты кенінде санитарлық-қорғау аймағын кеңейту қажеттігін атап айтты. Аталған жоба Үкіметке 30 мамырға дейін ұсынылуы қажет.