• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Қараша, 2025

Жарыс күнделігі

10 рет
көрсетілді

Жақында Парижде өткен «Мастерс» турнирінің жартылай финалына дейін жеткен еліміздің ең үздік теннисшісі Александр Бублик АТР-дің жаңартылған рейтингінде үш сатыға жоғарылап, 13-орынға табан тіреді. Бұл – оның мансабындағы ең жақсы көрсеткіш. Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі өзінің алтыншы орнын сақтап қалды. Жұптық бәсекедегі ең мықты ойыншымыз Анна Данилина 13-сатыда тұр.

Эр-Риядта өтіп жатқан WTA-ның қорытынды турнирінде Елена Рыбакина табысты өнер көрсетіп жатыр. Тұсаукесер кездесуінде әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Аманда Анисимованың тас-талқанын шығарған ол екінші кезеңде үздіктер тізімінде екінші орындағы Ига Швентекпен шеберлік байқасты. Бәсекенің бірінші сетінде польшалық теннисші басымдық танытқанымен, одан кейін Рыбакина қарқынын күрт күшейтіп, қарсыласын бас көтертпей ұтты – 3:6, 6:1, 6:0. Үшінші турда Мэдисон Кизбен күш сынасуға тиіс еді. Алайда денсаулығының сыр беруіне байланысты АҚШ теннисшісі кортқа шығудан бас тартты. Оны ресейлік Екатерина Александрова алмастырды. Рыбакина қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен қапы қалдырды. Сөйтіп, өз тобында бірінші орын алған Рыбакина жартылай финалға жолдама алды. 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Диего қаласында кәсіпқой бокстан орта салмақта бірнеше белді нұсқалардың чемпиондық атағы үшін Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен кубалық Эрисланди Лараның (31-3-3, 19 КО) жұдырықтасатыны белгілі. Күні кеше осы кездесуде басым түскен боксшының келесі жылы кіммен күш сынасатыны анықталды. Жекпе-жек жеңімпазы АҚШ боксшысы Остин Уильямспен (19-1, 13 КО) айқасады. Астанада ат спортының конур түрінен ел чемпионаты мәреге жетті. Биіктігі 145 сантиметрге дейінгі тосқауылда «Уран-Над Виграми» сәйгүлігімен Раиса Соколенко топ жарса, биіктігі 135 сантиметрлік сайыста «Таймазды» тізгіндеген Эстелла Бабаян бас жүлдені олжалады. Жарыстың абсолютті чемпионы атағына Олег Соколенко мен Эстелла Бабаян қол жеткізді. Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» қатарынан бес ойында жеңілістің кермек дәмін татты. Төртінші кездесуде астаналықтар Нижнекамскінің «Нефтехимигін» қабылдады. Бірінші кезеңде есеп ашылмады. Одан кейін қонақтар қарқынды арттырып, 5:2 есебімен жеңіске жетті. «Барыстың» сапында мергендік танытқандар – Кирилл Панюков пен Дінмұхамед Қайыржан. Ал бесінші кездесуде Астанада Уфаның «Салават Юлаев» клубынан жеңілді. Алғашқы екі голды қонақтар соқса, айдын иелерінің тек есепті қысқартуға ғана шамасы жетті – 1:2. 
Соңғы жаңалықтар