АСТАНА. 21 наурыз. Әзербайжан президент Ильхам Алиев дәрі-дәрмек туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды өз жарлығымен бекітті. Бұл туралы haqqin.az хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, 2007 жылдың 6 ақпанында қабылданған аталмыш заңға енгізілген жаңа баптар бойынша елде сатылатын дәрілердің бағасын мемлекет белгілеп беріп отырады. Бұл мақсатта арнайы құрылған кеңес 3 ай ішінде тиісті шараларды жүзеге асыруы қажет.
Әзербайжанның Экономика және өндіріс министрлігі жанындағы антимонополия саясаты мен тұтынушылардық құқығын қорғау жөніндегі мекеменің басшысы Захид Исаевтың сөзіне қарағанда, белгіленген баға дәрі-дәрмектер қорабының сыртында көрсетіліп тұруы тиіс.
Жолдыбай Базар.
Дерек: haqqin.az.
Сурет: Trend.