ҚАРАҒАНДЫ. 21 наурыз. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Ұлы Отан соғысының үш ардагеріне пәтер кілтін тапсырды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері Иван Дубинин, Иван Ковешников және Федор Кирт Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында өздеріне жасалған бұл құрметке орай алғыстарын білдірді.
Ардагерлерге берілген пәтерлер орналасқан №14 көпқабатты үй «Қолжетімді баспана» бағдарламасы арқасында қайта жөндеуден өткізілген. Оның жөндеу жұмыстарына 130 млн. теңге қаралған-ды. Бұл үйге агдагерлермен қатар жас отбасылар да қоныстануда. Биыл Қарағанды облысында 2 500 пәтер пайдалануға берілмек.
Айқын Несіпбай.
Дерек, сурет: zakon.kz.