• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Мамыр, 2015

Ұлы жеңіс

559 рет
көрсетілді

Ұлы Отан соғысы қайсарлық пен қаһармандық үлгісін көрсете білген ержүрек сарбаздарымыздың  ел мен жерге деген орасан зор сүйіспеншілігі мен қажыр-қайратын  мінсіз дәлелдеген айбын алаңына айналған еді. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалмайды». Өйткені, ол бүгінде жыр мен саздың жүрегіндегі бүлкілдеп соғып тұрған тіршіліктің тамырына айналып үлгерген құбылыс. Мұны тақырып өзегіне арқау еткен қай туынды болмасын назды, сазды, бойдағы сезімді селдей тасытар өзгеше құдіретке ие десек, өткен жылдар жаңғырығын жадымызға суытпай қондыратын мұндай жалынды үндер 70 жыл бойы үзілмей шырқалып келеді. Ерлікті талмай жырлауға әсіресе, ақындар мен композиторлардың қосып келе жатқан үлесі ұшан-теңіз. Соның бірі, мысалы, сөзін ақын Жұпар Ақтомпышқызы Қожақ, ал музыкасын белгілі композитор Серік Әбдінұров жазған «Ұлы Жеңіс» әні. Жеңіс рухын қуанышты, жігерлі қалыпта жырлайтын шығармашылық дуэттің бұл дүниесі республикалық өнер бәйгесінде жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлаған болатын.  Әні: Серік Әбдінұров Сөзі: Жұпар Қожақ   Қырғын селін тоқтатқан, жақынды, жарды жоқтатқан, сенім, бейнет ақтатқан, Отанды, елді сақтатқан. Қайырмасы: Қан кешіп күткен Жеңіс! Жан кешіп күткен Жеңіс! Тарығып жеткен, зарығып жеткен, сағынып жеткен Жеңіс!   Жауды жеңіп жайратқан, сан елде бұлбұл сайратқан, жерді гүлдей жайнатқан, қазанын тойдың қайнатқан. Қайырмасы: Қан кешіп күткен Жеңіс! Жан кешіп күткен Жеңіс! Ерлікпен жеткен,    өрлікпен жеткен, бірлікпен жеткен Жеңіс!   Шаттық тойын тойлатқан, бақытқа бойды бойлатқан төрде сәби ойнатқан, қадірін күннің ойлатқан. Қайырмасы: Қан кешіп күткен Жеңіс! Жан кешіп күткен Жеңіс! армандап жеткен, арайлап жеткен, аңсатып жеткен Жеңіс!