1986 жылы Кливлендте қала имиджін көтеру мақсатында аспанға 1,5 млн гельді шар ұшыру флешмобы ұйымдастырылады. Алайда бұл тарихтағы ең сәтсіз әрі зиянды флешмоб ретінде есте қалды.
Рекорд жаңартуды көздеген іс-шараға мыңдаған ерікті қатысып, түні бойы шар үрлеген. Алайда күшті жел мен жаңбырдың кесірінен шарлар ретсіз ұшып, қалада ондаған жол апаты болып, әуежай жұмысы тоқтайды, төтенше жағдай режімі енгізіледі. Тіпті көлге түскен шарлар жоғалған екі балықшыны іздеу жұмысына кедергі келтіріп, құтқарушылар уақыт жоғалтып алады. Кейін балықшылардың денесі жағадан табылған. Осылайша флешмоб қаланы адам және экология шығынына батырды.