• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2015

Қарағандының жас футболшылары Audi Cups 2015 турниріне қатысады (фото)

283 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 24 маусым. Қазақстандағы балалар үйі тәрбиеленушілерінің қатысуымен футболдан өткен чемпионаттың жеңімпазы анықталды. Қарағанды қаласынан келген «Таңшолпан» командасы Тараз қаласының «Тұлпар» командасын 1:0 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Екі айға созылған қызу таластан кейін балалар үйі тәрбиеленушілері үшін ұйымдастырылған футбол мерекесі – «Арманыңа жақында» атты футбол жарасы осылайша өз мәресіне жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Жеңіс жолындағы тартыс Қазақстанның 8 командасы арасында өтті. Жеңімпаз команданың ойыншылары  2015 жылғы Еуропа чемпионатына сәйкес, атап айтқанда, «Бавария», «Реал-Мадрид», «Милан» және «Тотенхэм» командаларының ойындарына тамашалауға қатысады. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің арасында өтетін футбол чемпионаты 2013 жылдан бері  «Бауыржан» Қайырымдылық қоры мен «Нұр Отан» партиясының, Қазақстан Футбол федерациясы және ҚР БҒМ-нің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Цеснабанк» АҚ қолдауымен ұйымдастырылып келеді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz.