АСТАНА. 21 наурыз. Кәсіпқой бокстың хас шебері атақты Мэнни Пакьяо 10,7 миллион еуроға зәулім үй сатып алды. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады.
Пакьяоға дейін аталған үй белгілі продюссер және музыкант Пафф Дэддиге тиесілі болған. Хан сарайы деуге лайық үй 7 жатын бөлмесі мен 8 жуынатын бөлмеден тұрады. Ауданы 929 шаршы метрді құрайды екен. АҚШ-тың Беверли-Хиллз қаласында орналасқан үйді боксшы жиһаздары және басқа да жабдықтарымен қоса сатып алған.
Айта кетейік, жартылай орта салмақта жұдырықтасатын боксшы 2 мамырда Лас-Вегаста Флойд Мейвезерге қарсы шаршы алаңға шығады. Аталған жекпе-жекте филиппиндік боксшының сыйақысы 120 миллион еуро болмақ.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: eurosport.ru.