• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Мамыр, 2015

Мәскеуде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған парад өтуде

443 рет
көрсетілді

АСТАНА. 9 мамыр. Ресей астанасы – Мәскеуде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай әскери парад өтуде. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері және 30-ға жуық мемлекеттің басшысы қатысуда. Парадқа қатысушы мәртебелі меймандардың арасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Мәскеудегі Қызыл алаңда өтіп жатқан парадқа Ресей Қарулы күштерінің 15 мың жауынгері мен офицері қатысуда. Сондай-ақ, Қазақстан, Қытай, Үндістан, Түрікменстан, Моңғолия, Армения, Сербия, Беларусь, Әзербайжан және Қырғызстан мемлекеттерінің жауынгерлері мен офицерлері де аталған парадта жұртшылық алдында жүріп өтті. Жалпы, парад барысында 194 әскери техника бірлігі көрсетіледі. Ал авиациялық бөлігінде 143 әскери ұшақ пен тікұшақ елдің назарына ұсынылады деп күтілуде. Аталған шараға қатысу үшін Қазақстаннан 6 Ұлы Отан соғысының ардагері арнайы барды. Олар: Ахат Бекмәді (Астана қ.), Камали Дүйсембеков (Қарағанды қ.), Қаратай Төлебеков (Шымкент қ.), Дмитрий Малышев (Алматы қ.), Федор Федотов (Алматы обл.) және Михаил Смоленков (Павлодар қ.). Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: twitter.com.